15.03.2023, 0:48
Оқылды: 838

Тасқын қаупі сейілгенмен, бақылау бәсеңсімейді

Сырым ауданынан кейін Қаратөбе ауданына жолға шықтық. Аудан орталығына кірер жолдың екі жаны суға толы. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері құмды қаптап, жолдың жанына төсеп жүр. Сол жерде арнайы техника және жедел жәрдем де бар.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 14.08.59

Қаратөбе ауданы орталығынан Қалдығайты өзені, Қоскөл ауылдық округіндегі Шалғын ауылынан Шиелі өзені және Аққозы ауылдық округіндегі Қоржын елді мекенінен Жақсыбай өзендері өтеді. Жылдағыдай осы кезеңде су басу қаупі болатыны айқын.

Су тасқыны наурыздың 10-ы күні Жақсыбай өзенінің тасуынан басталған. 13 наурыз таңда судың екпіні күшейіп, Аққозыдағы Қоржын елді мекеніне екі жақтан су кірген. Аққозы ауылын аудан орталығымен байланыстыратын бөгетті су шайған.
3 ауылдық округ, 9 елді мекенге байланыс үзіліп қалған. Бұл елді мекендерде 2000-ға жуық адам тұрады.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 14.08.59 (1)

Аудан әкімі хабар жеткен кезде облыстық, аудандық төтенше жағдай департаментінің құрамы бастаған 12 қызметті және қажетті техниканы жұмылдырып, елді мекенге барған. Ауылдың азаматтарымен біріге отырып, судың арнасын бұрып, бөгеттерді ұстау үшін барлық шараларды қолданған.

Жұмыла атқарған істің нәтижесінде су ауыл ішіне кірсе де, үйлер мен шаруашылық орынжайларды су баспай, аман қалған. Ауыл мектебіндегі балабақшаның төменгі қабатында эвакуация пункті ұйымдастырылып, 45 тұрғын көшірілген. Олардың ішінде ауыр науқасы бар адамдар аудандық ауруханаға жеткізілген.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 14.09.01 (1)

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан бойынша төтенше жағдай жарияланғанын айтты. "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген аудан әкімі қиын шақта ел болып бірігіп, тасқынға қарсы күш жұмылдырған ауыл тұрғындарына, қожалық иелеріне, барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 12.51.34

- Облыстық департаменттен Шиелі өзенінде мұздарды бұрғылау үшін көмек сұрадық. Бізге жедел-құтқару жасағын жіберді. Мұз кесу, бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында Шиелі өзені маңайындағы елді мекенге су кірмеді. Қалдығайты өзенінде де дайындық жақсы жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығын аудан тұрғындары, еріктілер, арнайы қызметтер білек сыбанып біріге атқарды. Алғысым шексіз, - деді Қадыржан Сүйеуғалиев.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 12.51.35 (1)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 12.51.36

WhatsApp Image 2023-03-14 at 12.51.37 (1)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 14.09.00 (1)

Адам және мал шығыны жоқ. Ауыл тұрғындары бірлесіп, малды судан шығарып алған. Ауылда газ, су, жарық бар. Әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда қауіп сейілген, судың деңгейі төмен түскен. Алайда бұл қатер толықтай жойылды деген сөз емес. Тәулік бойғы кезекшілік, қатаң бақылау жалғаса бермек.

Альфия Шамаева,
Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале