3.04.2022, 20:01
Оқылды: 54

Тасқынның алдын алды

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған бірқатар шаралар қолға алынды. Өткен ай басынан бері жалғасып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Өйткені уақтылы тазартылған арықтармен су жүріп, әдетте қар суы жиналатын орындар кеуіп қалған.

IMG-20220402-WA0065

Ауылдық округ әкімі Тілек Кәкеновтің айтуынша, қар шығару жұмыстарына бір «Камаз», үш «Газ-53» көліктері тартылыпты. Сонымен қатар көше бойына жиналған суды соруға қажетті үш мотопомпа да алынған.

Осы күні қар суынан келетін қатердің алдын алу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

IMG-20220403-WA0129

Сонымен қатар өткен жылғы ауылға ауыз су өткізген кезде су құбырлары салынған орындар опырылып кеткен еді. Қазір сол опырылған жерлерге топырақ төселіп, бетін тегістеу жұмыстары бірге жүргізілуде екен.

IMG-20220402-WA0056

- Кей көшелер көлік жүре алмайтындай балшық болды. Осы күні ол тегістелді. Ауыл әкімдігі үнемі төтенше жағдайлар бөлімімен байланыста. Қазіргі уақытта ауыл аумағынан қар әлі де шығарылып жатыр, ол жұмыстар жалғаса береді,- дейді ауыл әкімі Тілек Кәкенов.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале