1.12.2022, 11:46
Оқылды: 27

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті 

ҚР Президенті күні 10 жылға жуық мемлекеттік мереке ретінде ұлықталып келді. Күн кеше ғана тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіліп, ҚР Президенті күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Әйтсе де, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті хақында тәрбие сағаттары мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылатын болды. Сол себепті, бүгін Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесін дәріптеу мақсатында танымдық іс-шара өтті. 

20221201045053_IMG_9778

Орталық кітапхананың мәжіліс залына жиналған оқушылар мен жастар, аудан тұрғындары ҚР Президентінің өмірі мен еңбек жолы, еліміздің Президенті ретіндегі атқарған істері жөніндегі бейнежазба мен арнайы тақырыптық кітаптар көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, оқырманға тұңғыш Президент жөнінде сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

20221201050000_IMG_9786 (1)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 26 қарашадағы ұлықтау рәсімінде «Ұлттың бостандық жолындағы табанды күресінің арқасында Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Егемен мемлекеттің құрылуына, оның іргесін бекіту жолында орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлғаларымызға әділ баға беруіміз керек» деген болатын.

20221201045103_IMG_9779

Нұрсұлтан Әбішұлының да еліміздің іргесін қалап, бейбітшілікті орнатуға қосқан үлесі зор екені жасырын емес. Халық куә. Ал, келешек ұрпақ, тарихқа өз бағасын берер…

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале