11.12.2020, 15:13
Оқылды: 38

"Тәуелсіздік" деп соғады жүрегіміз

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы М.Шолоховтың мемориалдық музейінде "Тәуелсіздік" деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш оздырылды. Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл жастары мен мектеп оқушылары қатысты.

JPG_9598

Ең қастерлі мереке тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орайластырған шара басында музей қызметкері М.Мусаев жиналғандарға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен елін азат еткен батыр бабаларымыздың ерлігін баяндайтын шағын дәрісін оқыды.

Одан соң мектеп оқушылары Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең шумақтарын жатқа айтты.

Сонымен қатар шарада ұйымдастырушылар еліміз жайында сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін тексерді.

JPG_9633

Шара соңында жиналғандар музейдің «Тәуелсіздік» залын аралап, еліміздің 29 жылда жеткен жетістігі жайында мағлұматтар ала алды.

М.Мусаева,

                                      М.Шолоховтың мемориалдық

музейінің қызметкері

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале