14.12.2021, 16:16
Оқылды: 63

Тәуелсіздік құрдасы болу бақыт

Биыл ел егемендігіне - 30 жыл! Бұл күн әсіресе мен үшін және Тәуелсіздік жылы дүниеге келген құрдастарым үшін ерекше мейрам.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 11.43.04

Дүниеге шыр етіп келген күннен бастап «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» деген аталы сөзді естіп өстім. Мен ес білгелі бейбітшілікте, татулық пен береке салтанат құрған елде өмір сүріп келемін. Білім алуға, еңбек етуге және өз қалауымша өмір сүруге құқығым толық қорғалған, егеменді елдің азаматымын. Мен үшін бұның бәрі үйреншікті, заңдылықтай көрінеді. Дегенмен, барша қазақстандықтардың осындай мамыражай өмір сүруі үшін аға ұрпақ қанша еңбек еткенін мен түсінемін. 15 елдің басын біріктіріп ұстаған алып кеңес үкіметі жойылып, әркім «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болған шақта қазақтың ішінен  Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай басшы шыққаны біздің бағымыз деп білемін.

Тәуелсіздіктің құрдасы атану - мен үшін үлкен мәртебе, бақыт және мақтаныш!

Биыл мен «орда бұзар отызға» толдым. Өз жанұям бар. Тәуелсіз елдің болашағы – үш баламды өсіріп отырмын. Оларды еліне жанашыр азамат етіп жетілдіру, ең бастысы, «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» екендігін санасына құйып өсіру – менің басты парызым деп білемін.

Ғизат Кажниязов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале