6.09.2021, 16:42
Оқылды: 72

Тәуелсіздік тойына арналған шеру өтті

Бәйтерек ауданы Зеленый орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай велошеру ұйымдастырды. Зеленый-Қаражар-Переметный-Зеленый бағытында жүріп өткен шеру қатысушылары бас-аяғы 25 шақырым қашықтықты бағындырды.

01
Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойынлағы патриоттық сезімдерін ояту және туған жер табиғатын қастерлеуді үйрету мақсатында оздырылған велошеруге қатысуға ниет білдіргендер көп болыпты. Зеленый ауылынан шығып, Деркөл өзенін жағалай жүрген шабандоздар өзен бойындағы әдемі жерлерді суретке түсіріп, ерекше әсер алды.

02

Ал оқушылардың қауіпсіздігіне мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері В.Харкин, К.Өтеулиев, Н.Сағынбаев және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дәулетова жауап берді.

- Жолда ешқандай қиындық туындаған жоқ. бастамаға қолдау білдерген ұстаздар мен оқушыларға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта бастауыш сынып оқушыларына арналған шеру өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Зеленый мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дәулетова.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале