16.12.2021, 16:13
Оқылды: 101

Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың

Бәйтерек ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік концертті өтті.

2

Ұлы мерекеге арналған салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов, барлық ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен аудан тұрғындарын мерекемен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов құттықтады. Өз сөзінде Арман Кәрімұлы егемендігімізді енді алған жылдардағы қиындықты, елдің сол кездегі жайы мәз болмағанын, 30 жылда қазақ елі өз астанасын тұрғызған, бірлігі мен татулығы жарасқан елге айналғанын атап өтті.

- Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын 30 жыл қазақ елін дамушы елден дамыған елге айналдырды. Бүгінде Қазақстанды әлем тұрақты экономикасы бар, бейбітсүйгіш ел деп біледі. Біздің және бізден кейінгі ұрпақтың басына бұйырған егемендік – қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманы. Ата-бабамызға арман болған тәуелсіздікті қадірлей білуіміз керек,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

3

Сонымен қатар салтанатты жиында аудан басшысы Марат Тоқжанов та жиналғандарды құттықтады. Отыз жылдың шеңберінде ауданда біраз жұмыс атқарылғандығына тоқталған аудан әкімі Бәйтерек ауданы да 30 жылда елмен бірге өсіп, өркендеп, жаңаруды бастан кешкенін атап өтті.

-Тәуелсіздік алып, туымызды тігіп, ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – ұлы той, ұлттың, елдің бақыты. Осы ұлы күнді ата-бабамыз, кешегі Алаш арыстары, ұлтын сүйген ұлдар қаншама ғасыр күтті. Осы жолда қаншама қан, көз жасы төгілді. Біздің мақсат – егемендігімізді елеулі, тәуелсіздігімізді мәңгі ету. Сол жолда баршаңызды аянбай жұмыстануға шақырамын. Аз уақыттың ішінде сарыарқаның төрінен қала тұрғызып, төрткүл дүниеге елімізді баян еттік, аян еттік. Болашақ үшін жасайтын ісіміз де жетердік,-деді өз құттықтауында аудан әкімі Марат Тоқжанов.

13

Одан соң аудан дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкер Нұрлыбек Хайруллинге Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №700 Жарлығы бойынша берілген «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Сонымен қатар елеулі еңбек еткен тағы бір топ аудан азаматтары мен азаматшаларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №702 Жарлығы бойынша берілетін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»  мерекелік медалі тағылды.

15

Салтанатты шара барысында түрлі салада жемісті еңбек еткен жандар Батыс Қазақстан облысы әкімі мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен және Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

16

17

18

Одан бөлек, мерекелік кеште  Бәйтерек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы сессия шешімімен бекітілген «Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы» атағы Темірғали Жанболатов, Абай Жанғалиев, Владимир Сажнев, Татьяна Савченко, Ерғали Бекешев, Ғизат Мұхамбетов және Нұрлыбек Хайруллин сынды жандарға берілді.

27

Ұлық мерекені ұлықтаған шарада Бәйтерек ауданының дамуына сүбелі үлес қосқан жандар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен да табысталды.

8

5

Мерекелік жиын соңы Бәйтерек ауданы өнерпаздарының концертіне ұласты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале