8.12.2021, 17:35
Оқылды: 92

Тәуелсіздік жетістіктері

Тәуелсіздік–басты құндылығымыз. Ел егемендігі мен алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш.

45

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Тәуелсіздігіміздің тұғырын көтеріп, азат күніміздің айбынын асқақтату мақсатында Бәйтерек ауданына қарасты Володар ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тарихи - танымдық сағат өткізілді.

Шара барысында озық ойлы оқырманға теңдессіз тәуелсіздіктің тарихытаныстырылып, назарларына «30 жыл, 30 асу, 30 белес» атты видиоролик ұсынылды. Танымдық сағатқа жиналған оқушылар тарихқа тереңдей түсумен қатар, түрлі айдарлар бойынша білімдерін сынап, білмегендерін түйді.

Атап көрсетер болсақ, «Ой ашар» айдарында оқырмандар қойылған сан сауалға мүдірмей жауап берсее,  «Шаңырақ» бөлімінде берілген мақал – мәтелдердің жалғасын жарыса тапты. Кейін, оқырмандар Тәуелсіздікке тарту ретінде арнайы дайындалған өлең шумақтарын оқыды.

Б. Темешова

Бәйтерек ауданы

Володар ауылдық кітапханасының

кітапханашысы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале