13.12.2017, 16:45
Оқылды: 36

Тәуелсіздік жылдары Ақжайық ауданына 57 оралман отбасы келді

DSC_0053Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов биылғы жазда Қарақалпақстаннан Чапаевқа көшіп келген екі отбасының мүшелерін қабылдады.

Олардың бірі - ұл-келінімен тарихы отанына оралған Зибаш Қамалова. Ал екінші отбасы – Дүйсен Селеуов төртінші ұлымен бірге көшіп келді. Оның үш ұлы отбасымен бұрыннан, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Чапаевқа келіп, осында тұрып жатыр.

З.Қамалова мен Д.Селеуов – зейнеткерлер. Ә.Жоламанов оларды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, хал-жағдайларын сұрады. Аталған жанұялардан жұмысқа орналасқандар бар, кәсіпкерлікке араласуға ниет еткендер аз емес. Аудан әкімі оларды аудан тынысымен таныстырды, естелік сыйлықтар тапсырды.

Тәуелсіздік жылдары ауданға 57 оралман отбасы көшіп келді. Олардың көбі Чапаевта тұрады.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале