19.11.2021, 12:00
Оқылды: 40

Тәуелсіздікке тарту

13 қараша күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көнеккеткен ауылының тәуелсіздік құрдастарының демеушілігімен жастар арасында волейбол жарысы өтті. Аталған сайысқа Орал қаласынан, Теректі ауданы Шағатай ауылынан, Базаршолан, Көнеккеткен, Базартөбе, Қарауылтөбе, Чапаев, Көнеккеткен ауылдық округі және  О.Исаев атындағы орта мектебі командалары бақ сынады.

22

Тартысты өткен бәсекеде Қарауылтөбе ауылдық округі командасына жеңімпаз атанса, II орынды Теректі ауданы Шағатай ауылы командасы, ІІІ орынға оралдық спортшылары табан тіреді.  Ерекше шеберлігімен көзге түскен көнеккеткендік Жанғали Кемелов «Ең үздік ойыншы» және қарауылтөбелік Медет Мақсотов «Үздік шабуылшы» аталымдарын жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен аталым иелеріне бағалы сыйлықтар мен марапаттар тапсырылды.

Әрқшан осындай игі шараға демеушілік етіп, басы-қасында жүретін Нұрқабыл Есенәлиев, Сабыр Бұланаев, Ақжол Зәкіржанов, Сағадат Өтеғали, Нұрсұлтан Қабашев, Нұрсұлтан Оразаев, Әнуар Бахитов, Руфат Әнесов, Амангелді Шарипов және Нұрқуат Бижанов сынды ауыл азаматтарын  айта кеткен жөн.

Нұргүл Серікқызы,

жастар ісі жөніндегі кеңесші маман

Ақжайық ауданы

Көнеккеткен ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале