3.06.2023, 13:14
Оқылды: 25

«Таза жағалау» акциясы өтті

Бүгін «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында аудан әкімдігінің бастамасымен Жаңақала ауданындағы Соркөл жағалауында сенбілік өтті.

IMG-20230603-WA0089

Жағалауды күл-қоқыстан тазалауға бірқатар мекеме қызметкері белсене қатысты.

IMG-20230603-WA0087

Жаз бойы тұрғындар демалатын демалыс орнын күл-қоқыстан тазарту мақсатында өткен акцияға сенбілікке келгендердің барлығы бір кісідей атсалысты.

IMG-20230603-WA0088

P.S.Ауыл тазалығы жауыр болған мәселелердің бірі екені әмбеге аян. Осындай өзекті мәселелер аудандық газетімізде де айтылып жүр. Көп жағдайда демалыс орнына барып демалған соң қоқыстарын қалдырып кететін адамдар жоқ емес. Тұрғындарды жағалаудың тазалығына бей-жай қарамай, күл қоқыстан тазартып тұруға шақырамыз. Осындай ауыл тазалығын реттейтін акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса құба-құп болар еді.

 

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале