20.01.2023, 11:45
Оқылды: 26

Тазалық мәселесі талқыланды

Соңғы уақытта Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылының тұрғындары қоқыс төгуге белгіленген төлемақы жөнінде түсінбеушілік танытуда. Осыған орай Шыңғырлау ауылдық округінің әкімшілігі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

IMG-20230120-WA0039

Дегенмен ең алдымен тазалық тәртібін сақтау және талап ету үшін қоқыс жәшіктері болуы тиіс екені белгілі. Бүгінге дейін аудан орталығында 63 жерде 160 контейнер бар болса, енді жоспарға сәйкес тағы да қосымша 40 жәшік орнатылмақ. Осыған орай аудан тұрғындарымен қоқыс жәшіктерін белгілі бір жерлерге орналастыру мақсатындағы пікірлерін білу үшін аудан орталығындағы Ақсай көшесі, мәдениет үй, дене шынықтыру кешені, колледж, теміржол бекеті алаңында кездесу ұйымдастырылды.

IMG-20230120-WA0038

Қоғамдық ортада қызу пікірталасқа түскен қоқыс шығару және жәшіктер орналастыру жөніндегі мәселені оңды шешу үшін ұсыныс-пікірлерді тыңдау мақсатында ұйымдастырылған шарада жұртшылықтың белсенділігі аз болды.

Негізінен ауыл тазалығы қоғамдық жұмыста жүрген тұлғалардың «мойнында» болатын. Ендігі кезекте жауапкершілікті жергілікті шектеулі серіктестік өз міндетіне алып, тазалық жұмыстарына кіріспек.

 

                                                                                                                          А.Сағи,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале