20.11.2022, 17:48
Оқылды: 37

Тeddy аюлар да дауыс берді

Казталов ауданындағы сайлау учаскелеріндегі тосынсыйлар жалғасын табуда. Ауданның азаматтары саяси науқанда халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында Teddy аюлар кейпінде №219 сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.

6

Ертегі кейіпкерлері таңдау жасаумен ғана шектелмей, сайлаушыларға «Қазақстан» брендті шоколадын сыйға тартты. Олар бұл бастамалары науқанның жоғары көңіл-күйде жалғасын табуына септігін тигізеді деген сенімде. Халық аюларды жылы қабылдап, өз ризашылықтарын білдірді.

7

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале