6.12.2021, 9:50
Оқылды: 80

Тегін газет жаздырды

Белес ауылдық округінің атымтай жомарт азаматы, кәсіпкер Серік Бектұрғанов есімі біраз ауылдастарына етене таныс. Ауыл, аудандарда көптеген іс-шараларға демеушілік жасап, туған жердің өркендеуі мен дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азамат.

6

Жуырда кәсіпкер белестік зейнеткерлер мен еңбек ардагерін Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетіне тегін жазғызып, демеушілік жасады. Талай қайырымдылық шараға ұйытқы болып жүрген азаматтың басылымға деген құрметі ерекше.

-Халықтың тыныс-тіршілігінен хабар беріп отыратын «Ауыл тынысы» газетінің тұрақты оқырмандарымыз. Соңғы жылдары атымтай жомарт азаматтар аудандық басылымға тегін жаздырып  келеді. Бұл олардың аға буын өкілдеріне деген зор құрметі мен ықыласы. Сондықтан кәсіп иесіне алғыстан басқа айтармыз жоқ"-дейді Белес ауылдық округінің әкімі Мәлік Ілиясов.

Бұл ретте ардагерлер мен зейнеткерлердің өміршең басылымға деген риясыз көңілі ерекше екенін атап өткен жөн.

Демеушінің басылымға ардагерлерді тегін жазуы біріншіден қарияларға көрсетілген құрмет болса, екіншіден газет таралымын арттыруға қосқан сүбелі үлес.

Жылдар жылнамасын жұртшылыққа жария етіп келе жатқан "Ауыл тынысы" газетінің өміршең оқырмандары көп болсын.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале