3.04.2021, 21:26
Оқылды: 110

«Тегін медициналық көмек барлық санаттағы азаматтарға көрсетіледі»

Тегін медициналық көмек туралы тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейтіні анық. Тегін медициналық көмек кімдерге беріледі? Науқастар қандай дәрі-дәрмектерді тегін ала алады? Осы және өзге де сауалдар жөнінде Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Сержан Есенгубековпен әңгімелескен едік. Соны қалың оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

20210403_212107

- Тегін медициналық көмек кімдерге беріледі?

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қорғау мүдделерінің мемлекеттік жүйесі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның сақтандыруға қатысушы барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, тұрғылықты мекен жайына және табысына қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және дәрілік көмектің тең дәрежедегі қолжетімділігіне кепілдік береді.

- Елімізде азаматтардың барлық санатына қандай медициналық көмек түрлері тегін көрсетіледі?

- Еліміздегі азаматтардың барлық санаттарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіледі. Соның ішінде науқас егер жедел көмекті қажет ететін, өмірге, айналаға қауіп төндіретін аурулармен ауырып қалса, жарақат алса, жедел түрде стационарға түссе, барлық медициналық көмек түрлері тегін көрсетіледі.

- Халықтың жекелеген санаттарына көрсетілетін медкөмектің түрлері қандай екенін айтып берсеңіз?

- Ауруханада барлық кабинеттерде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге кезектен тыс медициналық көмек көрсетіледі.

- Көмекті бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары алғашқы басымдыққа ие?

- Егер белгілі азамат немесе азаматша МӘМС жүйесінде болатын болса, барлық көмекті тегін ала алады. Негізгі басымдылық осыда.

- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға немесе көпбалалы отбасыларға жекелеген кезек бар ма?

- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған күтушілер жарна төлеуден босатылған, олар үшін мемлекет төлейді. Көпбалалы аналардың ішінен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленушілері жарна төлемейді.

20210403_212130

- Медициналық көмекті шұғыл және жоспарлы күту кезіндегі шекті күту мерзімдері қандай?

- Медициналық көмек шұғыл қажет болатын болса кезек күттірмей көмек көрсетіледі. Жоспарлы күту мерзімі өзіміздің мамандарға, соның ішінде участкелерде шектелмейді. Тар шеңберлі мамандарға күту кезегі 1-2 күн болуы мүмкін.

- Мемлекет қазынасынан берілетін дәріні қандай сырқаттармен диспансерлік есепте тұрған адамдар алады?

- ҚР ДСМ №666 бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмекті диспансерлік есепте тұратын науқастар (артериалды гипертензия, ЖИА, қант диабеті, бронх демікпесі, созылмалы өкпе аурулары, анемия, созылмалы бауыр аурулары, асқазан жара ауралары, бүйрек жетіспеушілігі ауруы, т.б.) тегін алады. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

- Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады?

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді: Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек.

Негізгі ауруды емдеу кезінде, туберкулезбен ауыратындарға медициналық оңалту. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен: денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек. Сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек. Оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК. белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.

IMG-20210403-WA0028

- Тегін медициналық көмек көрсетілетін аурулар тізімі қаншалықты өзгерді? Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі өзгере ме?

- Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 түрлі аурулар жатады.

- Мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету жүйесінде қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Бұл құжаттардың айырмашылықтары қандай?

- Қазіргі таңда ауданда 3000-нан астам адам сақтандырылмаған және Үкімет тарапынан да кепілдік қарастырылмаған. Сол себепті бұл санаттағы азаматтардың скринингтік тексерулерден өтуі, жоспарлы түрде қаралуы, КТ, МРТ секілді диагностикалық аппараттардан өтуіне қиындық туғызуда.

- Уақыт бөліп, сауалдарға жан-жақты жауап бергеніңіз үшін рақмет!

Сұхбатты жүргізген Жаннұр Хайрушева,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале