23.04.2024, 13:00
Оқылды: 53

Темірлан Көлбай республикалық чемпионатта алтынға ие болды

 

Өңірімізде төтенше жағдай болып, ел еңсесі түскен сәтте Абай елінен сүйінші хабар жетті. Бөрлі ауданының мақтанышы Темірлан Көлбай аудан жұртына тағы бір алтын медаль сыйлады.

Темірлан (2)

Жарыс Абай облысы Семей қаласында өткен еді. Спорттық самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында спорттық самбодан және жауынгерлік самбодан ерлер +98 келі салмақ дәрежесінде, әйелдер +80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарыстың соңғы күні самбо күресінен осы +95 келі, яғни аса ауыр салмақта біздің Темірлан жеңіс тұғырына көтерілді.

Темірлан (1)

Осы жарыстағы самбо түрінен 72 келі салмақта боз кілемге шыққан Риза Сүлейменова күміс жүлдегер атанды. Алған жарақатына байланысты, бөрлілік спортшы Әділбек Сейісов жарысты жалғастыра алмады. Спортшылардың жаттықтырушысы Қасым Қаженов.

Чемпионаттың жалпы нәтижесінде батысқазақстандық спортшылар бес алтын, үш күміс, алты қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.

 

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале