Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды
22 Қыркүйек 2023

Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?
22 Қыркүйек 2023

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин
22 Қыркүйек 2023

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин

БҚО-да ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі

Теміржан - турнир жеңімпазы

Жақында Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына және халықаралық жастар күніне орай «Жастар ресрустық орталығының барысы» атты турнир өткізілді.

WhatsApp Image 2022-08-10 at 12.05.27 (1)

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен турнирге облыстық, қалалық және аудандық ЖРО мамандары 70, +70 келі салмақ дәрежесінде боз кілем үстінде бақ сынасты.

Байрақты бәсекеге бұған дейін де Шыңғырлау ауданының намысын түрлі жарыстарда қорғап келе жатқан, болашағынан мол үміт күттіретін балуан Теміржан Тасқалиевті аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жетекшісі Нұрлыбек Қайырбекұлы үлкен сеніммен апарған болатын.

Күн сайынғы жаттығулардың нәтижесін көрсетіп, әрі осы күні асығы алшысынан түскен Теміржан айла мен әдісті ұштастырып, +70 кг салмақ дәрежесінде I орынды әділдікпен жеңіп алды. «Турнир жеңімпазы» белбеуіне ие болған жерлесімізге сонымен қатар ақшалай сертификат, марапаттар табысталды.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале