5.12.2023, 15:16
Оқылды: 38

Тең қоғам: баршаға бірдей мүмкіндік

Бүгінде қоғам мүмкіндігі бар жандарды өзгелермен тең дәрежеде, өзін қоршаған ортада кедергісіз өмір сүрулеріне қажетті жағдайларды жасауға тырысып-ақ жатыр.

Тен когам баршага бирдей мумкиндик

Осыдан тура он жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып отырған қазіргі әлеуметтік қамқорлықтардың жер мен көктей айырмашылығы бар.

Осы орайда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Жақсыбаева Казталов ауылының тұрғыны, I топ мүгедегі Сағат Жұмашевтің шаңырағында болып, жағдайымен танысты.
Көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жан тағдырдың жазғанына мойынсұнбай, жұбайы Күнсұлу Сармулдинамен бірге бақытты өмір сүруде. Тек бір әттең-айы, үй тірлігінің кейбір шаруаларын тындыруға шама-шарқы жетпей, көмекке зәру. Мүмкіндігі шектеулі жанның әңгімесіне мұқият құлақ асқан Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Сәлімжанұлы тұратын көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнатып беру, қысты күні ауласын қардан тазарту, жаз мезгілінде шөп шабу сынды жұмыстарды ауыл әкімдігімен бірге ұйымдастырып, жәрдемдесетінін жеткізді.
Көмек-қолдауға риза болған Сағат Жұмашев арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале