14.04.2024, 14:53
Оқылды: 46

Теологпен тағылымды кездесу өтті

Теректі ауданына қарасты Магистральный және Пойма жалпы орта білім беретін мектептерінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Ернұр Зейнуллин және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Аягөз Айтқалиева оқушылармен кездесті.

image-12-04-24-10-49-2 (1)

Қос мектептің 9,10,11 сыныптарынан 55 шәкірт және 7 педагог қатысқан жиында дәстүрлі Ислам, деструктивті діни ағымдар және олардан сақтану жолдары туралы ақпараттар айтылды.

Дін мен дәстүрдің егіз ұғым екендігі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында мағлұматтармен бөліскен теолог мамандар оқушылар қойған барлық сауалға жауап берді.

Айта кетсек, мұндай кездесулер қасиетті Рамазан айы басталғанға дейін де ұйымдастырылған еді. Ақпараттық түсіндіру тобы (құрамында Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев, аталмыш орталықтың теолог маманы Амантай Бақтығали және АТТ мүшесі Аягөз Айтқалиева) Федоровка Жоббм, Аңқаты, Ұзынкөл, Госплемстанция, Новопавловка жалпы орта білім беретін мектептерінің шәкірттерімен жүздесіп, маңызды мағлұматтармен бөлісті.

Теолог маман Амантай Қуанышбайұлы оқушыларға қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағым өкілдерінің әлеуметтік желілерде белсенділігі, әрдайым мұқият болу қажеттілігі жайында түсіндірді.

image-12-04-24-10-49-5 (1)

Жиынға қатысушылар түрлі сұрақтарын қойып, жауап алды. Әсіресе, оқушылардың ораза ұстауына қатысты сұрақтарға АТТ мүшелері тарапынан толыққанды жауап берілген болатын.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале