Теректі ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында актив отырысы өтті.
Оған Батыс Қазақстан облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуат Қарағойшиев, аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы, аудандық мәслихат, аудандық сот, ҰҚК өкілі, аудандық прокурор, ТЖ бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, ауылдық округ әкімдері, басқарма және дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш жиын барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Ренат Рахимовты таныстырды. Батыс Қазақстан облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуат Амангелдіұлы аудандық полиция бөліміне жаңадан тағайындалған Ренат Рафаэльұлына сәттілік тілеп, жаңа қызметіне сенім білдірді.
Ренат Рахимов 25 маусым 1987 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Евразия академиясының құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары құқық қорғау органдарында қызмет еткен Ренат Рафаэльұлы бүгінгі күннен бастап Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Темірболат Тоқмамбетов,
Теректі ауданы