5.05.2024, 9:30
Оқылды: 44

Теректі аудандық сотының судьясы тағайындалды

Қазақ халқының дүниетанымында әділдік, жалған сөйлемеу сияқты қасиеттер басты орын алады. Біз тарихтан оқитын қара қылды қақ жарып, төрелігін айтатын би-шешендер, ақсақалдар мен көсемдер дау-жанжалдың алдын алып, елді ұйыстырып отырды.

InShot_20240504_231322516

Ал тәуелсіздік алғаннан соң сот жүйесі өз алдына тынысын алып, Заңымыз халықтың негізіне құрылып, кешегі дәстүр жалғасын тапты. Теректі аудандық сот жұмысы туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бірақ оны келер күннің еншісіне қалдырайық.

Таяуда Теректі аудандық соттың судьясы тағайындалды. Сот төрағасы Алтынбек Жақсылықұлы судья Айнұр Халықованы таныстырып, жұмыс барысын түсіндірді. Өз кезегінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Айнұр Есқайырқызына сәттілік тіледі.

Осыған дейін Орал қалалық сотының бас маманы және жеке сот орындаушысының көмекшісі секілді қызметтерді атқарған ол 1985 жылы Сырым ауданында дүние есігін ашқан. 2008 жылы Еуразиялық Академияның заңгер мамандығын тәмамдаған.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале