23.11.2021, 14:45
Оқылды: 154

Теректі аудандық ТҮКШ-ке жаңа басшы тағайындалды

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қуат Ерсайынов Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

34

Ерсайынов Қуат Ерсайынұлы 1986 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Мемлекттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Жаңақала спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 2008 жылы Орал қаласындағы №27 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі, 2013-2016 жылы «Орал Таза Сервис» ЖШС директордың өндірістік және көлікті пайдалану жөніндегі орынбасары, 2016-2019 жылы «Орал Таза Сервис» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

29

Қуат Ерсайынов қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік корпарация» ҚЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» БҚО бойынша филиалының әкімшілік-шаруашылық қызмет басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале