29.04.2026, 18:00
Оқылды: 8

Теректі ауданы: Чернобыль ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Теректі аудандық мәдениет үйінде Чернобыль техногендік апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді еске алу және құрмет көрсету мақсатында кездесу кеші өтті.

670644635_18217173409316896_1606706802529144918_n

Аталмыш шара ашылуында кітап көрмесі таныстырылып, теректілік ардагерлер жайында мәлімет айтылды. Сонымен қатар айтулы оқиғаның тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, деректер жеткізілді.

Іс-шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Қазиев бой көрсетті.

Аудан әкімі Әлия Биғазықызы сөз сөйлеп, тарихи оқиғаға қатысқан ардагерлердің ерлігін атап өтіп, алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.

671142470_18217173358316896_8737441101120467395_n

Биыл 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасындағы дүлей апатқа 40  жыл толады. Ресми деректерге сүйенсек, осы апат зардабын жоюға КСРО бойынша 600 мыңнан астам, ал Қазақстаннан 32 мыңдай адам қатысқан. Олардың қатарында БҚО-дан 3 мыңға жуық адам болған. Қазір ауданымызда 16 азамат өмір сүруде.

670883660_18217173340316896_4210455971463053590_n

Отырыс барысында қаза болған азаматтарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланып, қатысушылар апаттың зардабы туралы шағын естеліктерімен бөлісті. Басқосу соңында ардагерлерге ән тарту етіліп, естелікке суретке түсті.

 

Қаламқас Аманжолқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале