14.09.2020, 17:03
Оқылды: 120

Теректіде 11 мектеп қашықтан оқыту форматында жұмыс істеуде

2020-2021 оқу жылында Теректі ауданында 11 мектеп қашықтан оқыту форматында жұмысын бастады. Соның бірі – Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі.

Terekti (1)

Бұл мектепте барлығы 522 оқушы оқиды. Еліміздегі жағдайға байланысты биыл ата-аналардың өтіні бойынша 186 оқушы (1-4 сынып) кезекші сыныпта білім алуда.

Әр сыныпқа жеке қоңырау кестесі жасақталды. 1,2-сынып шәкірттері бастауыш сыныптар оқитын ғимараттың, 3,4-сынып оқушылары жоғары сыныптар білім алатын ғимарат есіктерінен кіреді.

Terekti (2)

Үлкен үзіліс уақытында оқушылар таза ауаға шығып демалады. Осы уақытта сыныптарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Шәкірттерді ата-аналары мектепке дейін әкеліп, сабақтан шыққан соң күтіп алады.

Terekti (3)

Екі ғимаратта К.Арыстанғалиева, Л.Султашева сынды медбикелер қызмет етуде. Олар барлық қызметкерлер мен білім алушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізеді. Нақтырақ айтсақ, дене температурасын өлшеу, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеп, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімдерін ауыстыру сынды санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалайды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік те ұйымдастырылды.

Terekti (4)

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале