Сәуір айының әр аптасында Теректі ауданы бойынша барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл шараларға мекемелер мен тұрғындар қатысып, қажетті техникалар мен құралдар бөлінуде.

Ақжайық ауылдық округінде де сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Барлық мекемелер мен тұрғындардан құралған топтар шығып, орман шаруашылығы тарапынан арнайы техника – трактор бөлінді.

Жайық өзені жағалауы, ауылішілік аумақтар мен айналасы тазартылып, 14 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының айналасы да толық жиналды. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша 410 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 400 түп көктерек және 10 түп қарағай бар.

Тазалау және сенбілік жұмыстары жалғасуда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, еліміздің тазалығын сақтап, оны келешек ұрпаққа аман жеткізу – ортақ міндет.

Д. Мурадимов,
Теректі ауданы
Ақжайық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы