22.12.2020, 14:31
Оқылды: 87

Теректіде Абай ауылдық клубы жөндеуден өтті

Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғындары үшін биылғы Тәуелсіздік күні мерекесі естерінде ұзақ сақталары сөзсіз. Себебі, ауылдағы мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіп алды.

131453319_1689632264551994_1392297540308163173_o

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған игілік үшін 63 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Жөндеу жұмыстарын «KazStroyGarant» ЖШС жүргізіп, жергілікті тоғыз тұрғынды жұмыспен қамтыған.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге БҚО әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов және «KazStroyGarant» ЖШС басшысы Сафа Анвероглы келді.

131296501_1689634614551759_4333596224211184498_o

- Еліміз үшін қастерлі мереке саналатын Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір жақсылықтың куәгері болып тұрмыз. «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Расымен, мәдениетіміздің дамуы – мемлекеттің дамуы іспеттес. Биыл еліміз үшін қиын жыл болды. Әлемді әбігерге салған дерт Қазақстанды да айналып өтпеді. Соған қарамастан, бірліктің арқасында біз қиындыққа қасқайып қарсы тұрдық. Ұлыларымызды ұлықтап, ұрпақ санасында жаңғырттық. Абай атамыздың 175 жылдығын тойлаған жылы Абай ауылында мәдениет ошағының жөндеу көруі де тарихи оқиға. Мереке құтты болсын, жерлестер! - деді өз сөзінде БҚО әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы.

Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов та құттықтау сөз сөйлеп, ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері, Абай ауылының тұрғыны Әділгерей Ережепов жөндеу жұмыстарының өтуіне сеп болған барша жанға алғысын білдірді.

131631755_1689634654551755_6371481001016321719_o

Ауылдың 1972 жылы дүниеге келген азаматтары бірлесіп, ауылдық клубқа қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.

Шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале