27.12.2019, 14:11
Оқылды: 108

Теректіде «Әкім сағаты» жобасы басталды

Әкім бол – халқыңа жақын бол. Иә лауазымды адамдар да мектеп табалдырығын аттады. Оқушы болды, ұстаздан тәлім алды. Ал әкім болу жолы қандай табандылықты талап етеді?

79929259_1371482093033681_5666652934058803200_n

Бұл сауалға жауап Теректі аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында өткен «Әкім сағаты» жобасында табылды.

Жобаға – «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы Жоламанов қатысты.

Жоба барысында оқушылар Әділ Тауфиқұлына балалық шағы, білім алған мектебі, қызметі, жеткен жетістіктері, үлгі тұтар адамы турасында сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елімізде басталған эстафетасы тілге тиек болып, Әділ Жоламанов ақынның "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңін оқып берді.
Анита Оңғарбаева орыс тілінде Анна Ахматованың шығармашылығынан өлең оқыса, Балсұлу Мәдениетова өзінің өлеңін мәнерлеп оқыды.

11-сынып оқушылары гитарамен сүйемелдеп, "Жан досыма" әнін шырқады.
– Мемлекет қажеттінің бәрін жасайды, ал сендер терең білім алыңдар, білікті маман атаныңдар, бастысы Отанды шынайы сүйіп, оған қызмет етіңдер. Еліміздің мығым болуы – болашақ ұрпақтың қолында. Сендер осыны жете түсініп, артылған сенімді ақтап, жақсы оқып, жақсы азамат, білікті маман болып шығуларың керек. Отанға адал қызмет етулерің қажет, – деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

«Әкім сағаты»  жобасы басқа да білім ордаларында жалғаады.

Үміткер Жұмакелдіұлы,
Теректі аудандық балалар

шығармашылық үйінің қосымша

білім беру педагогы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале