24.12.2022, 16:45
Оқылды: 49

Теректіде «Ашық әкімдік» өтті

Теректі аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтті.

IMG-20221224-WA0035

Оған аудан әкімі Тілек Габдушев, аудан әкімінің орынбасарлары және бірқатар бөлім басшылары қатысты. Бетпе-бет жүздесу барысында Аңқаты ауылының тұрғыны М.Ғалиев жұмыс мәселесін, М.Қиясов абаттандыру жайын, Ә.Аблаев спорт жарыстарына қаржыландыру мәселесін сұрай келді. Одан бөлек Теректі ауылының тұрғыны А.Калбирова ауыз су, қаламен қатынас, ауыл ішіндегі автобус тасымалы туралы мәселе көтерді.

IMG-20221224-WA0043

Аудан әкімі Тілек Александрұлы мен бөлім басшылары барлық сауал жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале