1.07.2026, 23:10
Оқылды: 6

Теректіде ашық аспан астындағы концерт және жәрмеңке өтті

«Кеш жарық, Теректі!» жобасы аясында Ақжайық ауылдық округінің өнерпазы теректіліктерге қазақы дәстүр мен заманауи өнер үйлесім тапқан жарқын нөмірін паш етіп, ашық аспан астында ғажайып кеш сыйлады.

7271def3-76bd-421c-9ead-f95889f697b7

Мәдени шараға аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев қатысты. Домбыраның күмбірлеген үнімен басталып, ырғақты әнмен жалғасқан концерттік бағдарлама көрерменді тәнті етіп, көпшілікті би алаңында тоғыстырды.

059794fa-dc02-458c-a7c1-beaaa7552a99 3f2d268b-a6f9-49d8-bc9f-711e1a13b622

Кеш аясында ұйымдастырылған «Ақжайық дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де тұрғындардың қызығушылығын оятты. Жәрмеңке алаңына жеміс-жидек, көкөніс, ет және сүт өнімі шығарылды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге арналған тәттілер алаңы жасақталып, ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті. Ауыл жасы асық ату, тоғызқұмалақ пен арқан тартыстан бақ сынаса, ересектер гір тасын көтеруден жарысты.

2fd61ba3-a048-46f4-9a68-ddf091738579 917243bc-ded7-4a8e-a52c-c41cc4be2ddd

«Кеш жарық, Теректі!» жобасы алдағы уақытта Ақсоғым және Үлкен Еңбек ауылдық округінің өнерпазымен жалғасын таппақ.

Қ. Қалам,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале