15.01.2021, 16:59
Оқылды: 176

Теректіде аудандық мәслихат депутаттары тіркелді

10 қаңтарда өткен сайлауда аудандық мәслихат депутаттығына түсуге Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясына үш  партия «Nur Otan» партиясы»,  «Ауыл» ХДПП» және «ADAL» Саяси партиясы» тіркелген болатын.  Атап айтсақ, сол кезде «Nur Otan» партиясының» партиялық тізімінде  24 кандидат, «Ауыл» ХДПП» партиялық тізімінде 4 кандидат, «ADAL» Саяси партиясының» партиялық тізімінде 2 кандидат мәслихаттың аудандық деңгейінде халық қалаулысы болудан үміткер ретінде тіркелген.

мәс1

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бюллетенінде 17716 теректілік «Nur Otan» партиясын таңдаған. «Ауыл» ХДПП» 3543 дауысқа, яғни, 16,07 %, ие болды. «ADAL» Саяси партиясы» 3,6 %, немесе 794 дауыс жинаған.

Дауыс санау нәтижесінде сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған «Nur Otan» партиясы мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы аудандық мәслихат депутаттығы мандаттарын бөлісуге өтті.

Сайлаушылардың 80,33 пайызының қолдауына ие болған «Nur Otan» партиясына 10, «Ауыл» ХДПП» 2 депутаттық мандат беру сайлау комиссиясының хаттамасымен анықталды. Сөйтіп, «Nur Otan» партиясы ұсынған 24 үміткерден 10, «Ауыл» партиясы атынан депутаттықа үміткер ретінде тіркелген 4 адамның 2-еуі  жаңа шақырылымдағы аудандық мәслихат құрамына енеді.

Сонымен, «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Сержан Идиятов, Мирхат Ибраев, Әлжан Нұрғалиев, Шолпан Какижанова, Эльмира Өтепбергенова, Мирхат Жұмашев, Аманғали Бөкенбаев, Әділет Орынбасаров, Нұрсауле Аткеева, Николай Сунцов, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Айбек Тохмурзин мен  Руслан Ибатов жетінші шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаттары ретінде  тіркелгені туралы Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале