16.03.2020, 18:30
Оқылды: 67

 Теректіде азық-түлік бағалары тұрақты 

Әлемді шарпыған коронавирус біздің елімізге де кеп жетті. Осыған байланысты  ҚР Президенті Қ.Тоқаев төтенше жағдай енгізіп, үндеу жариялады.

terekti audany (1)

Онда  күнделікті тұтынатын тауарлар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейтіндігі баса айтылды. Осыған орай, бүгін Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов аудан орталығындағы «Димар» сауда үйі мен азық-түлік дүкендерін аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Әзірге аудан көлеміндегі ахуал тұрақты және   кәсіпкерлер де бағаны өсірмеуге ынталы екені байқалды. Дегенмен, облыстағы көтерме сауда өкілдері  тауар құнын өсіріп тұрғаны жасырын емес. Ол аудан кәсіпкерлерінің ісіне кері әсерін тигізері хақ.  Мұны терең түсінген  аудан әкімі аталмыш мәселені тиісті орындарға жеткізетіндігін айтты.  Сондай-ақ Әділ Тауфиқұлы дәріхана мен аудандық орталық ауруханаға аялдап, бұл жердегі  тыныс-тіршілікпен де танысты.

                                                                                       Әділет Орынбасаров 

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале