9.02.2021, 12:09
Оқылды: 182

Теректіде «Қара өлеңнің Құлагері» атты онлайн байқау өтті

     Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қара өлеңнің Құлагері» атты аудандық онлайн байқау өтті.

WhatsApp Image 2021-02-09 at 11.01.20

18 мектептен 80-нен астам жұмыстар қабылданған сайыста "Теректі жаңалығы - Теректинская новь" газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров, Теректі аудандық балалар кітапханасының әдіскері Төлеген Қайырғалиев, балалар кітапханасының меңгерушісі Айнагүл Төрекешова қазылық етті.

Қатысушылар байқаудың І кезеңінде «...Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» аталымы бойынша ақынның өлеңін және поэмасынан үзіндінi жатқа мəнерлеп оқыды. Байқау шартына сәйкес оқыған өлеңдерін видеоға түсіріп жолдады.

«Жақсы сөзім – жаны игі халқым» аталымында оқушылар ақын жайында эссе жазды.

Әділ қазылар алқасы шығарған қорытындыға сəйкес «...Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» аталымы бойынша 5-7 сыныптар арасында бас жүлде Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Алина Ислямоваға табысталды. Долин негізгі мектебінен қатысқан Дильназ Баракова І орын, Шаған мектебiнiң шəкiртi Мәдина Асқарова II орын, Восход мектебінің оқушысы Оразай Асылбекұлы III орынды иеленді.  8-10 сыныптар аралығында Аида Қайыржановаға (Шаған мектебі) бас жүлде бұйырса, Аңсар Оңғарбай (Покатиловка мектебі) І орын тұғырынан кɵрiндi. Ал Макка Жасенова (Госплемстанция) мен Шұғыла Қойшығалиева (Ақжайық) ІІ, ІІІ орындарды қанжығаларына байлады.

WhatsApp Image 2021-02-09 at 11.01.22

«Жақсы сөзім – жаны игі халқым» аталымы бойынша 5-7 сыныптар арасында Аяжан Аманғалиева (Восход мектебі) үздік деп танылса, Айкөркем Марат (Шаған мектебі) II, Мөлдір Мағзом (Абай атындағы мектеп) III орынға ие болды.

8-10 сыныптар арасында Мадияр Қобландиев (Жайық негізгі мектебі) жүзден жүйрік атанды. Айнұр Жукова (Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі) мен Ақерке Сагидуллинова (Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі) екiншi, үшінші орындарды иелендi.

Байқау ұйымдастырушысы Үміткер Орынғалиевтің айтуынша, байқауға біраз жұмыстар келген. Дегенмен, қазылар алқасы жүзден жүйріктерді анықтаған кɵрiнедi. Осы байқаудың ұйымдастырылып жатқанын естіген «Теректі» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сержан Идиятов жүлде алған оқушыларға ақынның кітаптарын сыйға тартты. Байқау жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

 

Дана Рахымғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале