26.04.2023, 15:45
Оқылды: 32

Теректіде кәріз құдықтары тексерілді

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында, партияның Теректі аудандық филиалы  «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясын өткізді.

FB_IMG_1682495264176

 Акцияға партиялық бақылау комиссияның мүшелері мен Теректі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жастілек Дулатов пен Мәскеу қаласындағы өрт сөндіру академиясының қатардағы қорғау жасағының курсанты Аңсар Жұмабаев қатысты.

FB_IMG_1682495269447

Акция барысында, ашық әрі қауіпті жағдайда тұрған кәріз құдықтары анықталды. Атап айтар болсақ, балалар көп жүретін аймақтар Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі мен №1 мектебінің бойындағы кәріз құдықтар ашық тұр. Оған қоса, Достық, Орталық, Абай көшелерінде беті ашық, іші қоқысқа толған кәріз құдықтарының қақпағы сынып жатқаны анықталды.

FB_IMG_1682495272184

Тексеріс барысында анықталған мәселелерді шешу мақсатында  комиссия мүшелері, жауапты сала мамандарына сауал жолдайтынын жеткізді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале