12.11.2020, 18:48
Оқылды: 59

Теректіде кезектен тыс ХХХІІ конференция өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті.

124719016_1659134904268397_7685453110026708548_o (1)

Конференцияға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Өтеғұлов, аудандық мәслихат депуттатары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Теректі ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Теректі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және облыстық конференцияға делегаттарды сайлау бағыттары қарастырылды.

124831616_1659134120935142_1979397451353566397_o

Конференцияда партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Арман Кәрімұлы:

- 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус індеті өмірімізді өзгертіп, көптеген мәслелерге басқаша қарауға мәжбүр етті. Сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құруға бар күшін салды.

Мәселен, ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 453 адам жұмыспен қамтылды. Төтенше жағдай кезеңінде 4797 тұрғынға 42 500 теңгеден төленсе, 1881 тұрғынның 30 мың теңгеден коммуналдық шығындары өтелді.

«Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 300 отбасыға азық-түлік жеткізсе, әлеуметтік осал топтағы 1652 адамға 50 мың теңгеден көмек көрсетілді. Төтенше жағдай кезінде шағын жіне орта бизнес кәсіпорындарының несиелер бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды, - деп партияның аудандық филиалы атқарған жұмыстарды баяндап, сайлауалды бағдарламаны бекітті.

123973472_1659135244268363_2516617075341597168_o

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Теректі аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушылар арасында пікірсайыс болды. Пікірсайыс нәтижесінде ең көп дауыс жинаған кандидат Гүлдариға Амандықова «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының ХХVІ конференциясына ҚР Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде ұсынылды. «Nur Otan» партиясынан БҚО мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімге Рада Серикова мен Жаңылсын Оразғалиева лайық деп танылды.

Пікірсайыстан соң Теректі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының ХХVІ конференциясына қатысатын делегаттар тізімі таныстырылды.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале