21.05.2022, 18:52
Оқылды: 72

Теректіде мәдениет майталмандары марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Теректі аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

968AB794-F79F-4DAB-A2DA-9627BE5509EF

Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов туған өлкемізде мәдени мұраларды кеңінен насихаттап, тұрғындардың рухани дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,  үздіктерді марапаттады.

Аудандық Достық үйінің басшысы Гүлмира Кощанова мен Подстепный ауылындағы «Жігер» коворкинг орталығының кітапханашысы Ольга Алейник БҚО мәдениет басқармасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапхана процесстерін дамыту бөлімі меңгерушісі Антон Галкин БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың алғысхатын иеленді.

DF21C955-4633-4FD8-84B1-A61E115E8AF8

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Айдар Батырхановтың «Құрмет грамотасы» Шағатай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мәншүк Молдашеваға, алғысхаты аудандық Достық үйінің әдіскері Мұқтар Әбуғалиевке, Үлкен Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғалия Ажуоваға және Новопавловка ауылдық клубының меңгерушісі Ләйла Қаражігітоваға табысталды.

7123683C-E3E8-4BC9-AAAF-2C04C33087C2

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушевтың алғысхатына лайық деп танылғандар қатарында Ж.Әубәкірова (Шағатай), К.Ахметова (Аңқаты), Д.Досмурзин (Сарыөмір), Н.Мұрадымова (Ақжайық), Ю.Новик (Теректі), В.Нуралиева (Теректі), Н.Рунова (Долин), Р.Табынғалиев (Теректі), А.Турекешева (Теректі) және Е.Үсеновалар (Подстепный) болды. Алғабас ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Қожамұратова, аудандық Достық үйінің әдіскері Н.Темралиева, аудандық орталықтандырылған кітапхананың есепшісі Н.Хохлачева мен жетекші әдіскері М.Шамгонова БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсеновтың алғысхатына ие болды.

81DBB859-8434-4281-89D6-480D8B974101

Новопавловка ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Шамшенова мен Социализм ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Хакимоваға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Оразаеваның алғысхаты бұйырды.

67E12BFA-A463-422F-817A-B475E4A3CA66

Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева мен мәдени-демалыс орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Артур Асқаров та әріптестерін төл мерекемен шын жүректен құттықтап, бірқатарына алғыс хат ұсынды.

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале