БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Теректіде минералды су өндіріледі

Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді. Ауданымыздағы инвестициялық жобалармен танысқан өңір басшысы, Теректіде кәсіп ашып, жұмыс орындарын ұсынып отырған кәсіпкерлермен тілдесті. Облыс әкімін Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев қарсылап, осы бағыттағы жұмыстармен таныстырды.

4 (1)

Ең алдымен Нариман Төреғалиұлы Подстепный ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылында болды. Алақандай ауылда бірден екі инвестициялық жоба жүзеге асуда. Соның бірі - «BATYSMINІRALSU» ЖШС-ің минерал су өндіретін цех салу жобасы. Зауыттың қызметі – «Sartay» атауымен бөтелкеге құйылған минералды емдік-асханалық суын және алкогольсіз сусындарды өндіру болып табылады. Ауыл аумағынан су көзі табылып, еліміздегі һәм Ресей Федерациясындағы зерттеу институттары аталмыш судың емдік қасиеті барын анықтаған. Емдік -асханалық судың бір бөтелкесінде ересек адамның орташа тәуліктік  қажеттілігі 200-300 мкг/дм3 десек, құтыда 60-100 мкг/дм3 йод бар.

3

Зауыттың құрылыс жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, зауыт осы жазда толықтай іске қосылады. Жоба жүзеге асқан сәтте 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Айта кету керек, жоба құны – 1 млрд 200 млн теңге көлемінде.  2022 жылы инвестор "Жайықгидрогеология" ЖШС-нен 2 ұңғыма сатып алды.

1 (1)

Ал өнімнің ««Sartay» атауына назар салсақ, тарихқа терең бойлауға тура келеді. Деректерге сүйенсек, Сартай Байжанұлы батыр және би болған деседі. 1711-1785 жылдары өмір сүрген, Кіші жүздің Әлім тайпасының Жақайым руынан тараған тұлға. Он бес жасында қалың қолды бастап, жауға тойтарыс берген батырлығымен тарих беттерінде сақталған. Яғни, бұл инвестициялық жоба халыққа пайдалы дүние ұсынумен қатар, өткенді жаңғыртуымен құнды боп тұр.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале