10.02.2021, 16:32
Оқылды: 80

Теректіде «Nur Оtan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

Теректі ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті.

нур33

Онлайн форматта өткен жиынға «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Мирхат Ибраев төрағалық етті.

Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды.

Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға бір депутаттан бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді.

Одан кейін фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, депутаттардың келісімімен бекітілді.

Теректі аудандық мәслихатының депутаты, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Нұрсәуле Аткеева: «Бүгінгі жиынның маңызы ерекше деп ойлаймын. Себебі, әр депутат өз сайлауалды бағдарламасында айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға ниеттенетіні ақиқат. Алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Жол картасына сол жұмыстардың барлығы еніп, жұмыстардың басы-қасында халықтың қалаулылары жүретін болады. Жауапкершілік жүгін жете сезініп, қандай мәселе болмасын оның шешімін табу бағытында жұмыстанамын, - деп ой сабақтады.

- 2025 жылға дейін атқаратын жұмыстарымызды нақтылап алған жиын болды. Мен білім саласында біраз жыл қызмет атқарғаннан соң ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін бар күшімді салатын боламын. Онымен қоса денсаулық саласы да назарымнан тыс қалмайтын болады. Ауданда қазір дәрігерлердің қажеттілігі айқын сезілуде. Аудан орталығына емхана салу да халық арасында кеңінен айтылып, талқылануда. Көптеген білім ордаларының қазіргі күйі сын көтермейді. Бүгін жоспар нақтыланды, енді іске кірісу керек. Халықтың сенімін ақтап, аудандық деңгейдегі жұмыстарда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын, - дейді Теректі аудандық мәслихатының депутаты, Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Какижанова.

 

Дана Рақымғали,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале