22.11.2018, 17:37
Оқылды: 92

Теректіде оқушылар арасында шығарма жазу байқауы қорытындыланды

Теректі ауданы Федоров қазақ мектебінде «Бірлік» қоғамдық бірлестігі және аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен «Тәлімі терең салт-дәстүр» шығармалар байқауы қорытындыланды.

terekti (2)

         Байқауға аудан бойынша 40 оқушы қатысты. Солардың ішінен 13 шәкірттің шығармасы ұйымдастырушылардың көңілінен шықты.

         Жиында аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Жеміс Аманғалиева сөз сөйлеп, бағын сынаған шәкірттер мен олардың жетекшілеріне алғыс айтты.

         -Жыл сайын дәстүрлі исламды дәріптеу мақсатында шығармалар байқауын ұйымдастырып жүрміз. Мақсатымыз шәкірттердің мектеп қабырғасынан ислам құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүрді терең меңгеруін қадағалау, тура жол көрсету. Болашақта ақ пен қараны ажырату үшін қазірден бастап толыққанды білім алу қажет. Ата-баба дәстүрі мен дініміздің сабақтастығын ұғып өскен жастар бидғат нәрселерден аулақ болады. Байқауды ұйымдастырғанда, осы мәселелерге көңіл бөлдік. Іріктеуден өткен шығармаларды қарағанымда, мақсатымыздың орындалғанына көзім жетті. Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деді «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бағдат Адайхан.

         Шығарма жазып, көзге түскен Әлішер Жексен (Подстепный қазақ мектебі), Диас Медетов (№1 Федоров мектебі), Алтын Мендыбаева (Шаған мектебі), Виктория Бакаушин (Ақсуат мектебі), Айбар Қойшығалиев (Ақжайық мектебі) алғыс хатпен марапатталды. Қания Амангельдина («Үміт» лингвистикалық гимназиясы), Мейірім Баққожа (Федоров мектебі), Эльмира Қиясоваға (№1 Федоров мектебі) ІІІ орын бұйырды.

         Ал Ернар Бақытжанов (Ы.Алтынсарини атындағы мектеп) пен Аяулым Оңғарова (Федоров мектебі) ІІ орынды қанағат тұтты. Ақсуат мектебінің 8-сынып оқушысы Назерке Альбек І орынды қанжығасына байлады. Сөз саптауы және ұшқыр ойымен өзге оқушылардан басым болған «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 8-сынып оқушысы Назерке Табылдиева бас жүлдені иемденіп, басты сыйлық – домбыраға қол жеткізді.

         Байқауға қатысуышлар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

terekti (1)

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале