25.05.2022, 12:15
Оқылды: 100

Теректіде соңғы қоңырау салтанаты өтті

25 мамыр күні барша мектеп оқушылары үшін сыңғырлап соңғы қоңырау үні соғылады. Біреулері келесі оқу жылында бір-бірімен қайта қауышса, бірі алтын ұя мектептеріндегі ұстаздарымен, сыныптастарымен қимастықпен қоштасады.

Бүгін Теректі ауданының Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде дәл осы көрініс орын алды. Оқу жылын үздікке аяқтаған оқушылар мақтау қағаздарын алып, жыл бойы үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар үздіктер шеруінде сап түзеді.

IMG-20220525-WA0034

Салтанатты жиынға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайынова, ардагер ұстаздар Гүлжан Құттыбайқызы мен Білікбай Құбайысұлы, Қамқоршылық кеңес төрайымы Әсел Ғабитқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы Сымбат Тілепқалиқызы қатысты. Мектеп директоры Галина Беркінқызы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар дей отырып, ақ жол тіледі.

IMG-20220525-WA0018

Сондай-ақ білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Жеңісқызы бірқатар ұстаздарға алғысхат табыс етті.

IMG-20220525-WA0030

IMG-20220525-WA0032

Биылғы мектеп бітіруші 22 түлек болса, оның ішінде 2 оқушы «Ерекше аттестатқа» ие болғалы тұр.

IMG-20220525-WA0036

Балалықтың соңғы әні, соңғы биі деп 11-сынып оқушылары мектеп вальсін биледі.

IMG-20220525-WA0027

«Мектеп шаңырағын» іздерінен еріп келе жатқан 10-сынып оқушыларына аманаттау рәсімін өткізіп, «Ерекше аттестасқа» үміткер Гүлназ Жанғалиева түлектер атынан жүрекжарды лебізін білдірді.

IMG-20220525-WA0026

Соңғы қоңырауды түлектер атынан Жанна Сұлтанбекова, Қайсар Армишев және Дамира Тілепқали, Талғат Самиғоллаұлы соқты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале