13.08.2021, 14:35
Оқылды: 98

Теректіде спорт саңлақтары марапатталды

Теректі ауданында Спорт күніне орай ауылдық округ спортшылары марапатталды.

с1

Аталмыш шараға Феодоров, Ұзынкөл, Шалқар, Аңқаты, Долинный, Подстепный ауылдық округтері және Жайық ауылының атынан шығып,  қазақ күресі, грек-рим, дойбы мен шахматтан сынға түсіп жүрген спортшылар мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысты. Алдымен аудан әкімі Арман Өтеғұлов спортшыларды мерекемен құттықтады.

- «Спорт – денсаулық кепілі». Спорт саласын дамытып, додаларда дес бермей жүрген спортшыларымызды Спорт күнімен құттықтаймын. Бұдан да жоғары жетістіктермен шыңдала беруді тілеймін. Аудан абырайын көтеру –жас спортшылардың міндеті. Болашақ олимпиада чемпиондары біздің ауданнан шығатынына сенімім мол, - деді аудан басшысы.

с4

Футболдан аудандық жарыстарда үздік ойыншылар дайындап жүрген Тлеп Ниетқалиев пен дзюдодан облыстық, аудандық жарыстардың жүлдегері Лаура Кужентаева Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан тағайындалған марапатқа ие болды.

с2

Жиынға қатысқан спортшыларға аудан әкімі Арман Өтеғұловтың атынан алғыс хат табысталды.

«Ақ бидай» VII облыстық ауыл ойындарында шағын футболдан қарсылас шақ келтірмей, аудан намысын абыроймен қорғап, жеңіске жеткен марапат алды. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.

 

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале