16.12.2023, 16:17
Оқылды: 56

Теректіде Тәуелсіздік құрбандарына құран бағышталды

Теректі аудандық орталық мешітінде тәу етер Тәуелсіздігіміздің жолында құрбан болған бабаларымызға құран бағышталып, әсерлі әңгіме өрбіді.

image-16-12-23-02-30-4

Ауданның бас имамы Амантай Бақтығали Тәуелсіздік үғымы, шүкіршілік турасында уағыз айтты.

image-16-12-23-02-30-2

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров барша теректіліктерді мерекемен құттықтады.

- Тәуелсіздікке қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап тұру одан да қиын. Азаттық бізге оңай келмегенін жақсы білесіздер. Тәуелсіздіктің жолында қаншама адам құрбан болды. Бүгінгі мереке сол бабаларымызды еске алып, оларға құран бағыштап, сүбелі сөз, ілкімді ой айтуымен құнды. Қазір тәуелсіз Қазақстанымыз даму жолына қадам басты. Әнұранымыз қалықтап, көк байрағымыз желбіреп, Елтаңбамыз төрімізде тұр. Бабалар аңсаған азаттықтың арайлы ақ таңы атты. Біздің мақсат – қолда барымызды қадірлеу. Бастысы, еліміз тыныш болсын, Қазақстанымыз өркендей берсін,-деді Қалаубек Баубекұлы өз сөзінде.

image-16-12-23-02-30-3

Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиханов ұрпақ тәрбиесі, Желтоқсан оқиғасы хақында ой қозғап, тарихқа шолу жасады.

image-16-12-23-02-30-1

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале