16.04.2021, 17:41
Оқылды: 56

Теректіде тұрғын үй секторында 17 өрт оқиғасы тіркелген

Жуырда Теректі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жалғас Көпжасаров және №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Александр Данильчукпен онлайн брифинг өтті.

 брифинг

2020-2021 жылдардағы  жылыту кезеңін қорытындылап, өрттің алдын алу мақсатында жүргізілген шаралар жайлы Жалғас Көпжасаров баяндады.

- Жылыту кезеңінде өрт пештен, жылыту құрылғыларынан жиі шығады. Жыл сайын өрттердің 70 пайызы тұрғын үй секторында болады. 2020-2021жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында барлығы 17 өрт тіркелді. Оның ішінде 10 өрт оқиғасы тұрғын үйдің ішінде болған, - деді Ж.Көпжасаров.

Одан соң алдағы өрт қауіптілігі жоғары жаз кезеңіне дайындық шаралары туралы сөз қозғалды.

№12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Александр Данильчук «Өрт қауіптілігі жоғары кезеңге сақадай саймыз» деп, техникалық дайындық жайын айтып берді.

Жарас Нұрсұлтанұлы далалық өрттерге қарағанда ауыл ішінде өрт жағдайларының көп екенін айтып, «ауа райының күрт жылынуына байланысты өрт қауіпті кезең басталар-басталмастан жалпы облысымызда дала жанулары, яғни құрғақ шөптің жанулары тіркелуде» дейді.

- Кеше ғана, 14 сәуір күні Теректі ауылында қоқыстың жану оқиғасы тіркелді. Бұл факт бойынша тұрғын үй иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 336-бабы 1 тармағына сәйкес «ескерту» беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды» дейді мамандар.

 

Дана Рахымғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале