21.02.2022, 18:25
Оқылды: 193

Теректіде жаңа прокурор

Бүгін аудан әкімдігінде Теректі ауданының жаңа прокуроры таныстырылды. ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, БҚО прокуроры Жандос Өмірәлиев бұл орынға Қуаныш Мұстафинды тағайындады.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 18.24.28

Ал осы уақытқа дейін бұл қызметті абыройлы атқарған Равиль Мәжитов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Аудан әкімі Тілек Габдушев ұзақ уақыт ауданымызда қызмет еткен Р.Сидағатұлына арнайы алғысхат пен естелік сыйлығын табыстады. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев, аудандық сот төрағасының м.а. М.Құсаинов, «Теректі жаңалығы» газетінің редакторы Ә.Орынбасаров ақ ниеттерін білдіріп, жылы лебіздерін жолдады.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 18.24.25

Қуаныш Сәлімұлы 1988 жылы БҚО Ақжайық ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді.

Әр жылдары:

-2011 жылы ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасында бас маман;

-Казталов және Бәйтерек аудандарында прокурордың аға көмекшісі;

- Облыс прокуратурасында басқарма прокуроры және облыс прокурорының көмекшісі;

2020 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін облыс прокуратурасының үкімдердің орындалуына қадағалау жүргізу тобының басшысы, облыс прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарды.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале