19.12.2019, 16:20
Оқылды: 101

Теректіде Жастар жылы қорытындыланды

Теректі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі  кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, ауылдық округ әкімдері, жастар жетекшілері, бөлім басшылары және еріктілер қатысты.

terekti (3)

- Жастар жылында ауданда 128 шара өткізілді. Биыл басты назарды жастарды жұмыспен қамтуға аудардық. Жұмыссыз жастар саны - 116. Жыл басынан бері ресурстық орталыққа жұмыс сұрап 77 жас келсе, оның 36-сы қалаған мекемесіне қызметке орналасты. 127 адам "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтіп, жоспар толықтай орындалды. "Жас кәсіпкер" бағдарламасымен 70 тұрғын білім алды. Жыл сайын "Бос орындар жәрмеңкесін" өткізіп жүрміз. Осы жылы да 3 жәрмеңке ұйымдастырылып, 124 жас жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 14-і жолданды. Ауданда өз кәсібін бастау үшін 8 адам кредит алды. Қысқа мерзімді оқудан өткен 82 жастың 41-і жұмысқа орналасты, - деді  жастар жылында атқарылған істерді баяндаған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрсәуле Аткеева.

terekti (2)

 

Өз кезегінде жеке кәсіпкер Майра Исенова кездескен қиындықтарға мойымай, тек алға ұмтылу қажеттігін айтса, "Бизнес бастау" жобасы аясында грантқа ие болған Елжас Сиражов  та өз ой-толғамын ортаға салды. Ал облыс деңгейіндегі волонтерлық қозғалыстың дамуы туралы "Орал Альянсы" студенттер қозғалысының белсенді волонтеры Самат Рахымғалиев түсінік берсе, ауданымыздағы волонтерлардың атқарған істері жөнінде Альмира Молдағалиева  хабарлама жасады.

terekti (1)

Кеңес соңында бір топ белсенді жастар, еріктілер, жастар жетекшілері аудан басшысы Әділ Тауфикұлының  марапатын иеленді. Олардың қатарында  Әділет Орынбасаров, Карина Жақсығалиева, Жанбота Әбуева, Альмира Кутумбаева, Фарид Сатвалдиев, Алмас Мұхтарұлы, Камидула Мурзагалиев, Майра Шарипова, Макка Мухсинова, Саягүл Күлмұхановалар  болғанын айта кеткен артық болмас.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале