9.05.2024, 16:15
Оқылды: 47

Теректіде Жеңіс күні тойланды

Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Бұл күн тек мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбегінің көрінісі.

image-09-05-24-11-29-3

Еліміздің тұтастығына кепілдік беріп, түн ұйқысын елдің тыныштығына арнаған Отан үшін от кешкен аталарымыздың ерлігі ұмытылмау керек.

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік шара Теректі ауданында да аталып өтті.

image-09-05-24-11-29-1

Тарихи ерлігімен еліне қорған болған Ұлы Отан соғысының қос батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.«Жеңіс» алаңына жиналған жұрт батырлардың рухына тағзым етті.

image-09-05-24-11-29

Жиынға қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «Аманат» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиханов, Ауған соғысының ардагері Аязбек Киндербаев, ауданның Құрметті азаматары, бөлім басшылары «Азат етуші жауынгер» ескерткешіне және Кеңес Одағының батыры Иван Зреловтің ескерткіш-мүсініне гүл шоқтарын қойды.

image-09-05-24-11-29-9

Теректіліктер майдан даласында қаза тапқан жауынкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

image-09-05-24-11-29-12

Аудан басшысы Әлия Биғазықызы:

- Құрметті теректіліктер! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Ұлы Жеңіс күні – майдангерлер мен тыл ардагерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жемісі. Адамзат есінде қалған сұрапыл соғыс жылдары тарихын ұлықтайтын ұрпақ барында ұмытылмақ емес.

Елімізде бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен тыныштық әрдайым салтанат құра берсін, - деп тұрғындарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

image-09-05-24-11-29-2 (1)

Одан әрі аудан өнерпаздары майдан әндерін шырқады. Айталық, К.Қадырғалиева «Жеңіс күні», А.Дәулетқалиев «Журавли», «Теректиночка» халықтық вокалдық тобы әскери әндерден попурри орындады.

image-09-05-24-11-29-10

Салтанатты жиын «День победы» әнімен түйінделді.

image-09-05-24-11-29-7

Жауһар Нұрым, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале