17.08.2021, 16:55
Оқылды: 82

Теректіде жиын-терім басталды

Арқаны кеңге салар жаздың соңғы айы дихандар үшін ең бір жауапты кез. Қар кеткенде бастаған шаруаларының нәтижесін көріп, жиын-терін бастайтын кез келді.


урожай

Биыл теректілік дихандар 62912 гектарға дәнді дақыл, 28625 га жерге күнбағыс, мақсары, қыша мен зығыр сынды майлы дақалдар салған екен. Оған қоса 370 гектарда картоп, 418,9 гектарға көкөніс, 180,2 гектарға бақша дақылдары көшеттері тігілген.

Дәл қазір егіндікке орақ түсті. 28241 гектарға салынған  күздік дақылдар түгел игеріліп, 7,3 га/ц өнімділікпен бастырылған. Алынған бидай – 20684 тонна.

- 34 671 гектар алқапқа салынған жаздық дақылдардың 67,6 пайызына орақ салынды. Алынған өнімділік – гектарына 4 центнерден айналды. 23425 гектардан алған бидай – 9384 тонна. Күздік дақылдарды ору аяқталды, енді жаппай жаздық оруға кірістік. Ауа райы биыл ерекше ыстық болғанына қарамастан, комбайншылар жұмысты тоқтатқан жоқ. Қазір жазғы дақылдардың жиын-терімі аяқтала келді. Енді алда тұрғаны – майлы дақылдарды шығынсыз жинап алу. Осы орайда, егін алқабына шыққан техниканың дені жаңа болғандығы да өз нәтижесін беруде, - дейді Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Айнұр Лұқпанова.

Картоп, көкөніс, бақша салған шаруашылықтар да еңбегінің жемісін татуға жетті. Қазірдің өзінде 33 га жерден 472 тонна жас картоп қазып алынған. Биыл көкөністің шығымы гектарына 143 центнерден берген. Қазір 268 гектардан 3832 тонна өнім алынып, саттыққа шығарылған көрінеді. 78 гектар жерден жиналған 1100 тонна қауын-қарбыз да теректіліктердің дастарқанына жол тауыпты.

 

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале