10.12.2020, 0:20
Оқылды: 121

Теректіде «Жомарт жүрек» және «Жыл үздігі - 2020» жастар премиясының иегерлері марапатталды

Теректіде аудан әкімі Арман Өтеғұловтың қатысуымен «Жомарт жүрек» және «Жыл үздігі – 2020» жастар премиясының салтанатты кеші өтті.

Іс-шарада ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандарды Арман Кәрімұлы құттықтап, ризашылығын жеткізді.

2de1b9ba-242e-465e-a1f3-c5f4ddca71e4

«Жомарт жүрек» премиясының «Жыл меценаты» аталымына Шаған ауылдық округінің тұрғыны, Жаңа Өмір ауылында «Алмажан» бөбекжайын салуға 80 млн. теңге қаржысын жұмсаған «Алишер» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Сауя Сұлтанова лайық деп танылды. Елімізде эпидемиологиялық ахуалға байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде 330 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Садықов «Жыл азаматы», Подстепный қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі, облыс орталығы мен аудан аумағындағы біраз мүсіндердің авторы, «Ізгілік қала» симпозиумына қатысушы Манас Аққожин «Туған өлке» аталымын иеленді.

95589b85-211d-475c-9da8-9537aa5fa772

Абай ауылының тұрғындарына 306 мың теңгеге азық-түлік және 180 келі ет жеткізіп, көмек көрсеткен «Арай» шаруа қожалығының басшысы Талғат Кайнекешов «Жылдың үздік қайырымдылығы», аутизмге шалдыққан балаларды ата-аналарымен бірге қолдауға атсалысып жүрген «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің тілшісі, Теректі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Аягөз Айтқалиева «Әлеуметтік тұрғыда дамуға үлес қосқаны үшін», «Теректі волонтерлары» тобының белсенді мүшесі, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті Анар Тілеулиева «Жыл волонтеры», ауданымызда ауқымды іс-шараларды ұйымдастырып, жастардың басын қосуға мұрындық болған «Іс үшін – За дело» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Жасұланов «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» аталымдарын қанжығаларына байлады.

d00eae52-ae87-4bba-b4ec-436d3c5cd257

«Жыл үздігі – 2020» жастар байқауында Хамза Есенжанов атындағы орта мектебінің математика және физика пәндерінің мұғалімі Алина Никифрова «Үздік жас ұстаз», Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасынан Батырбек Наурызбаев «Үздік жас медицина қызметкері» атанды. Аудандық «Ғазал» жас ақындар клубының мүшесі Нұрдана Темір «Үздік жас ақын», Магистральный ауылының 10-сынып оқушысы Эльнара Бисенова «Үздік жас спортшы», аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Елжас Мағзом «Үздік жас өнерпаз» аталымын еншіледі. Ақгүл Сайлауоваға «Үздік оқушы-волонтер», Ботагөз Қайыржановаға «Үздік студент-волонтер» аталымдары бойынша алғысхат табысталды.

Камелия Қарекесова,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале