7.09.2020, 21:55
Оқылды: 48

Теректідегі қоғамдық ұйымдар Жолдауды қолдайды

Теректі ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жайында жиын өтті.

14dc455d-58f4-4eb5-8ed1-39b60ce2ddda

«Қазына» коворкинг орталығына жиналған аудандағы қоғамдық ұйымдар өкілдерінің басқосуына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Мұқашев төрағалық етті.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов:

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін көтеру, мәдени-рухани дамуын жетілдіру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту сынды мәселелерге назар аударған.

Бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ауыл шаруашылығын дамыту қажеттілігін де атап өтті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жойып, жеріміз шетелдіктерге берілмейтінін нақтылап айтты. Денсаулық сақтау саласын дамыту, сапалы білім беру, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану сынды маңызды мәселелер талқыланған Президент Жолдауын қолдаймын, - деді.

1dbd2b26-d4f6-4aeb-bcec-da1b4cdb1690

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Аягөз Айтқалиева сәбиге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы жүзеге асатындығына қуанышты екендігін айтып, балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше назар аударылып, қылмыскерлердің қатаң жазалануын құптады.

Коворкинг орталығына жиылғандар халқымыздың жаңа болмысын қалыптастырып, ұлт сапасын арттыруға негізделген Жолдаудың жүзеге асуына теректілік әр тұрғынды үлес қосуға шақырды.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы  

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале