21.12.2023, 15:15
Оқылды: 20

Теректідегі Магистральный ауылында білім ордасы пайдалануға берілді

Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Мердігер «Ка-Строй LTD» ЖШС салған білім ордасы 108 орынға негізделген. Онда оқитын 113 балаға, 48 педагог сабақ береді.

мектеп магис жп (2)

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, ауданның құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов және ауыл тұрғындары қатысты.

вп фото (4)

Айта кеткен жөн, бұл мектеп 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» «AMANAT» партиясынын бағдарламасы аясында халық игілігіне берілді.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы халықты қуанышымен құттықтады.

вп фото (3)

- Сіздерді бүгінгі айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Осы мектептен тек білімді, озық ойлы оқушылар түлеп шықсын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім алуға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыс бойынша 27 мектептің кұрылысы жоспарланды. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 18 мектептің құрылысы жоспарланған. Күні кеше Үлкен Еңбек және Абай ауылында жаңа мектеп ашылды. Бұл соңы емес, алдағы уақытта Подстепный ауылдық округінде де жаңа мектеп салынбақ, - деді Бақытжан Хаберұлы.

мектеп магис жп (4)

Сондай-ақ білім саласының ардагері Орынша Қалиева да мектеп ұжымына ақ тілегін білдірді.

мектеп магис жп (6)

Су жаңа мектеп кілтін «Ка-Строй Лтд» құрылыс компаниясының БҚО бойынша бас директоры Мұхит Байдуллаев мектеп директоры Аймангүл Жарасоваға табыс етті.

Келген ауыл тұрғындары қуаныштан шашу шашып, жаңа орданың ішін аралап, танысты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

Фотоға түсірген автор және Григоренко Надежда

zhaikpress.kz

вп фото (1) вп фото (2) вп фото (5) мектеп магис жп (1) мектеп магис жп (3) мектеп магис жп (7)

мектеп магис жп (5)

мектеп магис жп (8) мектеп магис жп (9)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале