29.01.2025, 14:30
Оқылды: 119

Теректілік аналар «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды

 

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова көп балалы аналарды қабылдады.

image-29-01-25-02-02-2

Шаған ауылдық округінің тұрғындары Ақбота Аймағанбетова мен Рита Қадырғалиева қазіргі таңда алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Ақжайық Санаториясы ауылының тұрғыны Альфия Джанабаева, алты баланы дүниеге әкелген бақытты ана. Ел демографиясының өсуіне үлес қосып жүрген батыр аналарымыз «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні табыстаған аудан басшысы Әлия Биғазықызы ұрпақ тәрбиелеудің маңызы туралы сөз қозғап, батыр анаға ақ тілегін білдірді.

-Мемлекетіміз  әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, көп балалы аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, бүлдіршіндеріңізді ұлтқа қызмет ететін азамат қылып тәрбиелей беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасынызға амандық тілеймін, —  деді аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова өз сөзінде.

Көп балалы аналардың бірі Ақбота Қайыржанқызы Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасайды. Санаторий Ақжайық бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Альфия Елеуқызыда алты бала тәрбиелеп отырған жан. «Күміс алқа» иегері Рита Мұрзахметқызы да ұстаздық қызмет атқарып, ауылдастарымен бірге егемен еліміздің игілігін көруде.

 

Темірболат Әнуарұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале